Еліміздің Қозғалыс жас инспекторлары республикалық слетке дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің Қозғалыс жас инспекторлары республикалық слетке дайындалуда

Еліміздің Қозғалыс жас инспекторлары республикалық слетке дайындалуда

1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы облысында Қозғалыс жас инспекторларының (ҚЖИ) республикалық слетінің ашылуы болады,

  • 31 Мамыр 2011
  • 572
Фото - Caravan.kz

онда Қазақстанның барлық өңірлерінен және Астана және Алматы қалаларынан өңірлік жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ Қырғызстан және Ресей командалары, барлығы 200-ге жуық бала қатысады.

Бұл туралы ҚР ІІМ Жол полиция комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ҚЖИ-дың негізгі міндеттері — балалар және жасөспірімдер арасында Жол қозғалысы ережелерін насихаттау, жолдарда балалар жарақатын ескерту.

Өткен жылы Алматы облысының облыстық командасы сайыстың жеңімпазы болып танылған еді, сондықтан биылғы жарыс Жетісуда өткізіліп отыр.

Слеттің бағдарламасында 10 номинациядан тұратын жарыстар көзделген, олар: саптық қарау, жас реттеушілер, Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері, жас санитаршылар, білімдарлар сайысы, жас насихатшылар, үгітбригадалар конкурсы, жас тілшілер, командирлер конкурсы және «Қауіпсіз доңғалақ» велосипедшілер жарысы.

Соңғы жаңалықтар