Еліміздің солтүстігінде қар жауып, жел күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің солтүстігінде қар жауып, жел күшейеді

Еліміздің солтүстігінде қар жауып, жел күшейеді

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде қар жауып, күшті боран соғады.

  • 25 Қараша 2016
  • 612
Фото - Caravan.kz

Қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде күшті, жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады.


Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-22 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.