Марат Қанжығалы, Павлодар қаласы №1 ауруханасының бөлім меңгерушісі:
— Үсік шалғандардың көбісі-18 жастағы студенттер. Арақ ішіп аяқ-қолдарының үсігенін байқамай қалған.
Сондай-ақ, үсігендердің қатарында тұрмыс тіршілігі тәуір жандар да жетерлік. Масайып, аязда қалғандардың дене мүшелерін кесуден «басқа амал жоқ» дейді дәрігерлер. Алдағы күндері мұндай жағдайға душар болғандардың саны арта түсуі мүмкін. Себебі сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендемек. Саршұнақ аяз Шығыс Қазақстанда да сақталып тұр. Мұнда мектеп оқушылары тұрмақ, студенттер де кезектен тыс демалысқа шығарылды. Қарағанды мен Астана қалаларының бастауыш сынып оқушылары үшін де апта соңына дейін сабақ тоқтатылды.