«Өнім мөлшері жыл өткен сайын азайып келеді»,- деді Л.Худова. «Егер 2000-жылы өнім мөлшері 40 млрд. теңгені құраса, 2005-жылдың аяғында бұл көлем 32 млрд. теңгеден асты. 2006-жылдың алғашқы жартысында да өнім мөлшері азая түсті»,- деді ол.
Өнім мөлшерінің азаюына көлеңкелі экономика — басты себеп. «Тауардың басым бөлігі контрабандалық жолмен елге келеді. Жасырын өндірілетін және қолдан жасалатын жалған өнімдер де еліміздегі көлеңкелі экономиканың үлес салмағын арттыра түсуде»,- деді Л.Худова. Қауымдастық төрайымының атап көрсетуінше, «еліміздегі тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі 8 проценттен аспайды. Бұл — өнім мөлшері кез-келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі деңгейінен де төмен екендігін көрсетеді». «Отандық өндіріс ауқымы 30 процентті құраған жағдайда экономикалық қауіпсіздіктің төменгі шегі деп санайды»,- деді Л.Худова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті