Ұйытқи соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Тіпті, күн райы суытып, -1-3 градус үсік жүреді. Ал республиканың батысында ыстық күндер жалғасын тауып, ауа температурасы +25+30 градус ыстық болады. Сондай-ақ солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда күн жылынады.
Саида Бердібекова, «Казгидромет» РМК инженер-синоптигі:
- Ертең Астанада жауын-шашынсыз, оңтүстік батыстан соққан желдің күші секундына 9-14 метр болады. Түнде +2+4 градус жылы, күндіз +16+18. 30 қыркүйек және 1 қазан күні жауын-шашынсыз, түнгі температура +5+7 градус, күндізгі +18+20 градус.