Елімізге арнайы іс сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Бірлескен Корольдігі парламентінің Қауымдар палатасының делегациясы сенатта болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізге арнайы іс сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Бірлескен Корольдігі парламентінің Қауымдар палатасының делегациясы сенатта болды

Елімізге арнайы іс сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Бірлескен Корольдігі парламентінің Қауымдар палатасының делегациясы сенатта болды

Бүгін, 7-қарашада сенат төрағасы Оралбай Әбдікәрімов елімізге арнайы іс сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Бірлескен Корольдігі парламентінің Қауымдар палатасының делегациясын қабылдады. Делегация мүшелері Джон Маннмен, Боб Спинкпен және Иан Стюартпен болған өзара мүдделі сұхбат кезінде екі ел парламентшілерінің өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты мәселелер қозғалды. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және қоғамды демократияландыру процесін заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету жайлы да кең пікір алмасылды,- деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметінен.

  • 7 Қараша 2003
  • 724
Фото - Caravan.kz

Оралбай Әбдікәрімов Қазақстан мен Ұлыбритания парламентшілері арасында соңғы жылдары айтарлықтай белсенді байланыс орнағанын ризашылықпен атап өтті. Өзара делегациялар алмасу, заң шығару және құқықтық реформа аясында тәжірибе бөлісу, парламенттер палаталары құрамында екі жақты жүйелі қарым-қатынас жасау мәселелерін ерекше назарда ұстайтын арнайы депутаттық топтардың жұмыс істеуі — соның айқын айғағы. Мұның өзі Қазақстан мен Ұлыбританияның тікелей екі жақты және аймақтық мүдделерін қамтамасыз етуге игі ықпал етуде.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлыбритания парламентшілері сапарларының тек Астанамен шектелмей, облыстарда да болуы елді тереңірек танып-білуге жақсы әсер ететініне назар аударды. Делегация жетекшісі Джон Манн өздерінің бұл жолғы сапарларының мақсаты — Қазақстан-Британ қарым-қатынастарының өнеркәсіп-сауда саласындағы ынтымақтастық, Қазақстандағы азаматтық қоғам құру және контрабандаға қарсы күрес мәселелерімен жақынырақ танысу екенін айтып, осы мәселерге қатысты қазақстандық әріптестерінің пікірін сұрап білді. Ағылшын парламентшілері заң шығаруға байланысты екі елдің паламенті аппараттары қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы мен бірлескен оқуларын ұйымдастыру жөнінде нақты ұсыныс жасады. Ол сенат төрағасы тарапынан толық қолдау тапты.
Кездесуге Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джеймс Шарп, Қазақстан-Ұлыбритания парламентаралық байланыс топтарының жетекшілері Қуаныш Сұлтанов пен Шәріп Омаров қатысты.

Соңғы жаңалықтар