Елімізге шетелден келген тамақтан қауіпті ішек таяқшасы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізге шетелден келген тамақтан қауіпті ішек таяқшасы табылды

Елімізге шетелден келген тамақтан қауіпті ішек таяқшасы табылды

Еліміздегі дүкендерде сырттан кіргізілген сапасыз әрі қауіпті азық-түлік саудаланып келген. Тексеріс жүргізген тұтынушылар құқығын қорғау комитеті талапқа сай келмейтін 50-ден астам сүт, ет және балық өнімдерін анықтады. Барлығы Қырғызстан, Украина, Латвия және Ресейде шығарылған.

  • 11 Қараша 2015
  • 371
Фото - Caravan.kz

Азық-түліктің екі түрінен тіпті ішек таяқшалары табылып отыр. Мәселен, сырттан әкелінген ет ылғалдың шамадан көп болуынан бұзылса, 25 балық өнімінде ашытқы мен зең саңырауқұлақтары қаптаған. Қалғандары таңбалау талабына сай емес. Яғни оның қаптамасында қазақ тілінде ақпарат көрсетілмепті. Сонымен қатар сүт өнімдерін тексеру кезінде оның тығыздығы мен майдың үлесі қалыпты көрсеткіштен төмен болған. Ал бұзылған ет пен балық өнімдері еліміздің 7 облысы мен 3 ірі қаласында саудаланып келіпті.

Ержан Жүнісов, Қазақстан тұтынушылар құқығын қорғау қорының төрағасы:

Қазіргі уақытта уәкілетті орган жағынан тиісті шаралар қабылданылып жатыр. Яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр, сонымен қатар сатуға тиісті шектеулер қойылып отыр.

Соңғы жаңалықтар