Елімізге "ТМД назар төрінде " атты бағдарлама аясында Үндістандық кәсіпкерлер тобы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізге "ТМД назар төрінде " атты бағдарлама аясында Үндістандық кәсіпкерлер тобы келді

Елімізге "ТМД назар төрінде " атты бағдарлама аясында Үндістандық кәсіпкерлер тобы келді

Бүгін, 12-қаңтарда Елімізге "ТМД назар төрінде " атты бағдарлама аясында Үндістандық кәсіпкерлер тобы келді. Олар елімізден кейін Орталық Азия аймағындағы басқа республикаларға да ат басын тіремекші,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 468
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық және Үндістандық кәсіпкерлердің Алматыда өткен кездесуі барысында Үндістанның Қазақстан Республикасындағы елшісі Сагар Верманың атап көрсеткеніндей, екі ел арасындағы қарым-қатынас «саяси салада қарқынды дамып келе жатса, керісінше экономика саласында кенжелеп қалды».

Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы екі мемлекеттің потенциалдық мүмкіндіктеріне сай келмейді деді дипломат. Осыған байланысты ол өз елінің Қазақстанмен құрылыс, фармацевтика, мұнай және газ, ауылшаруашылығы, тоқыма өнеркәсібі, мал дәрігерлік сала, косметология, азық-түлік өнімдері, машина жасау, ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, қуатты экономикасы бар Үндістанның Қазақстанда жол және тұрғын үй құрылысы, мұнайгаз жобалары мен өңдеу өнеркәсібі саласына инвестиция салуға мүмкіндігі бар.
Қазақстаннан кейін Үндістандық кәсіпкерлер Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан республикаларына ат басын тірейді. Үндістандық экспорттық ұйымдар федерациясының бас директоры Г.Балачандранның айтуынша, бұл сапар Үндістан сауда және өнеркәсіп министрлігі бекіткен «ТМД назар төрінде » атты бағдарлама аясында ұйымдастырылып отыр.
Г.Балачандранның айтуынша, бұл бастама Үндістан бизнесінің Достастық рыногына қарай бетбұрыс жасауына түрткі болу арқылы Үндістандық экспорт ауқымын арттыруға, аталмыш елдерге салынатын инвестиция көлемін ұлғайтуға бағытталады.
Үндістанның коммерциялық операциялар жөніндегі министрлігінің бастамасымен осыдан 38 жыл бұрын құрылған Үндістанның экспорттық ұйымдар федерациясына осы елдің сыртқы саудасының 70 проценттен астамын жүзеге асыратын жетекші сауда компаниялары мен сауда үйлері қамтылады.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыс 1992-жылдың ақпан айында орнаған. Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы сауда айналымы 50-70 млн. долларды құрайды. Үндістанның Қазақстанға шығаратын экспортының көлемі 45 млн. доллардан асады, оның басым бөлігі машина жасау және фармацевтика өнеркәсібі мен шай өндіру саласының үлесінде. Елімізде қазір 79 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар