Елін тастап қашқандар Жерорта теңізіне батып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елін тастап қашқандар Жерорта теңізіне батып өлді

Елін тастап қашқандар Жерорта теңізіне батып өлді

Елін тастап қашқандар тағы да Жерорта теңізіне батып өлді. Жайлы тұрмыс пен жұмыс іздеп шыққан азаматтар мінген кеме Ливия жағалауында апатқа ұшырап, 50-ден аса адам суға кеткен.

  • 28 Тамыз 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

Теңізге батып өлгендердің басым көпшілігі – әйелдер мен жұмысқа жарайтын балалар екен. Олардың денелерін құтқарушылар кеменің жүк салғышынан тапқан. Тасымалдаушылар жалаңаяқ жұмыссыздарды жол бойы сонда ұстаған екен. Ал кеме суға кеткенде, ешқайсысы одан шыға алмай қалған. Туған жерін тастап, Еуропаға табыс табуға аттанатын мыңдаған африкалық мигрант жылда осылай діттеген жеріне жете алмай, жолда ажал құшады. Сонда да кәрі құрлыққа барғысы келетіндер азаяр емес. Бұл жолы бортта бас-аяғы 500-дей адам болған. Құтқарылғандары – Италияға жеткізіліп, көп ұзамай елдеріне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар