Елизавета ІІ ел билеу ұзақтығы жөнінен рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елизавета ІІ ел билеу ұзақтығы жөнінен рекорд орнатты

Елизавета ІІ ел билеу ұзақтығы жөнінен рекорд орнатты

Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екінші 2015 жылғы 9 қыркүйекте ел тарихында ең ұзақ биліктегі монарх болмақ, деп хабарлады Лента.ру. 

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 351
Фото - Caravan.kz

Патшайым тақта 63 жыл жеті ай және екі күн отырып, өзінің арғы әжесі Виктория патшайымның рекордынан да асып түсті, деп жазады британдық The Telegraph.

Мерекелі күні патшайым жұбайы, Эдинбург герцогымен бірге Эдинбургтен Твидбэнкке дейін екісағаттық саяхат жасайды. Оның соңында патшайым халық алдында сөз сөйлеп, өзіне осынау рекордтық мерзімде көрсетілген сенім үшін алғыс айтады. Патшайым өзінің арғы әжесі Викторияны еске түсіреді.

Осымен патшайымның қатысуымен ресми шаралар аяқталады. Ел патшалығы рекордын әркім өзінше атап өтеді. Журналистер патшайымды репортаждарында атап өтеді: патшайым алғаш рет Букингем сарайының бақтарына телекамера қоюға рұқсат етті, ол жерден тәулік бойы тікелей репортаж жүргізіледі.

Король шақа сарайы 20 фунт стерлинг тұратын күміс шақалар коллекцияларын шығарады. Оның келесі жағына «Ең ұзақ патшалық» деген жазу жазылады, сондай-ақ оның билігі тұсында басылған Елизавета Екіншінің 5 түрлі портретті салынады.


Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ 1926 жылы 21 сәуірде Лондонда Йорктер герцогы мен герцогиня отбасында дүниеге келген.

1953 жылы 2 маусымда Лондондағы Весминстер аббаттығында Елизаветаны таққа отырғызудың ресми салтанаты болды.

Соңғы жаңалықтар