Елорда әкімі астаналықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда әкімі астаналықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Елорда әкімі астаналықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Елорда әкімі Әсет Исекешев астаналықтар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды astana.kz.

  • 20 Наурыз 2017
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз — жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Бұл — өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілейтін, ақ көңіл, адал жүрек, дос құшақтарды айқастыратын қадірлі күн. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам — береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелте берсін.

Әз Наурыздың өн бойында сан ғасырлық бабалар жолы мен ұлттық салт-дәстүріміздің өрнегі сайрап жатыр. Ұлыстың Ұлы мерекесі кең байтақ жерімізге, егемен елімізге бақыт пен шаттық, ырыс пен береке сыйласын!


Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ынтымақ, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!», делінген құттықтауда.