Елорда да бастапқы психикалық денсаулық орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда да бастапқы психикалық денсаулық орталығы ашылды

Елорда да бастапқы психикалық денсаулық орталығы ашылды

Орталықтың ашылуы қажетті қызметтерді қол жетімді етеді

  • 9 Қазан 2020
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бүгін елордада № 8 қалалық емхана базасында халыққа психиатриялық көмек көрсететін тағы бір бастапқы орталық ашылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Орталықтың ашылуы қажетті қызметтерді қол жетімді етеді. Осылайша, көптеген қала тұрғындары бас Психикалық денсаулық орталығынан кеңес алуды қажет етпейді. Оны жақын орналасқан емханадан алуға болады.

Қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Ольга Комарова атап өткендей, осындай қиын уақытта психикалық денсаулықты сақтау және оған қамқорлық жасау кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.

«10 қазан – бүкіл әлемде психикалық денсаулық күні. Бұл адамның өз әлеуетін іске асыра алатын және стрессті жеңе алатын әл-ауқат күйін білдіреді. Пандемия кезінде көптеген адамдар өмірде қиындықтарға тап болды. Мұндай сәттерде бастапқы орталықтар көмегі айрықша маңызды», – дейді директор Ольга Комарова.

Спикердің айтуынша, созылмалы аурулардың жиі өршуімен ауыратын ұзақ мерзімді науқастар үшін гипохондриялық бұзылыстар көбінесе қатар дамып, жедел реакция күшейеді. Мұндай сәттерде әрбір тұрғын мамандарға жүгініп, кеңес ала алады.

Нұр-Сұлтанда барлығы 6 бірдей орталық №2, 6, 9, 10 қалалық емханалар базасында жұмыс істейді. Мамандандырылған көмекті көпсалалы топ, психиатр, психотерапевт, психолог, әлеуметтік қызметкер көрсетеді.


Жалпы, елордалық бастапқы психикалық денсаулық орталықтары 7 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетті.

Сондай-ақ дәрігерлер елордада ересек тұрғындар арасындағы ауыр психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының жалпы жиілігі 2019 жылғы 306 жағдайдан 2020 жылдың 9 айында 192 жағдайға дейін төмендегенін айтады.

 

Соңғы жаңалықтар