Елорда іргесіндегі ауыл тұрғындары көшеге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда іргесіндегі ауыл тұрғындары көшеге шықты

Елорда іргесіндегі ауыл тұрғындары көшеге шықты

Нұр-Сұлтанның іргесінде  42 разъезд деген ауыл бар.

  • 18 Сәуiр 2019
  • 40
Фото - Caravan.kz


Бар деген аты болмаса тұрғындардың айтуынша,  ол жерге көктемде су тасығанда қайықпен жетпесең көліктің қай түрі болсын бара алмайды. Жол жоғалып, үйлерді су басып қалады екен. Амалы таусылған жұрт теміржолдың үстімен ары-бері өтуге мәжбүр. Бірақ оның өзі қауіпті көрінеді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Елордадан небәрі 12 шақырым жерде орналасқан 42 разьезд деген ауыл осы маңда. Жергілікті халық қордаланған мәселелер бір шешімін таппаған соң біздің арнаға шығып жағдайымызды көрсетсеңіздер деп көмек сұрады. Ауылдың тіршілігімен танысайық».

Иә, Нұр-Сұлтан  Қарағанды тас жолының бойында 42 разъезд тұр. Бұл ауылды өркениетпен жалғайтын жалғыз жол бар. Оның өзін жол деп айту қиын.  

АЗАМАТ ДОСМАНБЕТОВ, ТҰРҒЫН:
«Камаздар жүреді, быт-шытын шығарып тастайды. Машина деген темір ғой, сынады. Жөндей беруге ақша жоқ. Көріп жатқаным осы. Жол осындай. Болмаса шөппен айналып жүресің. Қотыр-қотыр жолдармен».   

Жоқ мен өзеннің жағасында тұрған жоқпын, бұл ауылға апаратын жол. Міне өздеріңіз көріп тұрсыздар. Қыста қар көктем мен күзде жолды су басады екен. Мұндағы халық көлігіміз қайыққа айналатын болды деп шағымдануда.

Разъездіктер жол азабын тартып келе жатқанына біраз жыл болған. Бұл жақты қызыл су басқанда балалар айлап сабаққа бармай қалған. Амалдары құрыған жұрт рельстердің ар жағына көлігін қалдырып жаяу қатынаған.     

БАҚЫТ МҰҚАНОВА, ТҰРҒЫН:
«Балаларымыз Жібек жолында оқиды. Балаларды мына жерде бір теміржол бар. Соның ар жағына тастап кетеді. Газель кіре алмайды, жолды көрдіңіз қандай екенін.  + Бала түгілі үлкен адамға қауіпті. Грузовой, пассажирский пойыздар жүреді». 

«Сыртынан қарасаңыз көлік қоятын орын, былайша гараж иә? Ал ішінде не бар екен көрейікші».

Нақтырақ айтсақ не емес кім? Бұл отбасының үйі сәуірдің басында су астында қалған. Кадрдан көріп тұрғандарыңыздай абырой болғанда өздері аман қалыпты. Енді міне, бөтен біреудің гаражында тұрып жатыр. Алмагүлдің аяғы ауыр екен. Әңгімелерін тыңдасаң…

ҚЫЗЫЛГҮЛ АМАНБАЕВА,  ТҰРҒЫН:
«Су тасыған сайын постоянно осы жыл сайын басып жатыр. Март, апрель осылай. Ешқандай пайда жоқ. Осылай әкеліп тастайды. Кебеді, қайтып барамыз үйімізге. Ремонттаймыз, жыл сайын қайта басады». 

АЛМАГҮЛ РАХМЕТЖАН, ТҰРҒЫН:
«Үйіміз жоқ, екі баламыз бар. Күн суыған соң оларды анамның үйіне апарып тастадым. Аяғым ауыр. Жол жабылып узиға да бармадым.  Белім, басқа да жерлерім ауырады. Босанатын уақытым жақындап қалды. Осылай гаражда, жерде жатырмыз».  

Ауылда телеарна тілшілері жүр дегенді естіген болар, ортамызға округ әкімі мен учаскелік полиция келіп қосылды. Жанат Күселбаевтың айтуына қарағанда 2018 жылы үлкен трассаға дейінгі жолды жөндеуге 13,6 миллион теңге републикалық бюджеттен бөлінген екен. Бірақ ол қаражат облыстан бері жетпей жатқан көрінеді.  

ЖАНАТ  КҮСЕЛБАЕВ,  ВОЛГОДОН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
«Ауылдық округтың әкімдігі жобалық сметалық құжатты әзірлеп облыстық автомобиль жолдары басқармасына өткізді. Олар қазір қарастырып жатыр. Ақша бөлінгеннен кейін жолды толықтай жөндеу көзделген. Қаражат түссе жұмысты бастаймыз». 

Округ әкімі ақша бөлінді, құжаттар ауданда қарастырылып жатыр, жол болады. Басқа мәселелерді рет ретімен шешеміз деп сендірді. Бірақ халық мұндай уәдеге сенуден қалған. Себебі жылдар өтуде біз тізбелеген проблемалар әлі күнге бір шешімін таппаған.