Елбасы сондай-ақ Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан «Астана триумфы» жаңа тұрғын үй кешенін аралап көрді.
Аталған тұрғын үй кешенінің биіктігі 142,5 метрді құрайды. Мұнда тұрғын жайлардан басқа спорттық сауықтыру кешені, медициналық көмек көрсету пункті, балалар орталығы, кинотеатр, қонақ үй, сауда орталығы және басқа да инфрақұрылым нысандары орналасқан.