Елорда күнін мерекелеу құрметіне Астанада «Il Divo» опералық квартетінің концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда күнін мерекелеу құрметіне Астанада «Il Divo» опералық квартетінің концерті өтеді

Елорда күнін мерекелеу құрметіне Астанада «Il Divo» опералық квартетінің концерті өтеді

«Астана опера» жаңа опера және балет театрының концерттік залында 7 шілдеде «Il Divo» атақты халықаралық опералық квартетінің концерті өтеді, деп хабарлады елорданың 15 жылдығына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті штабы басшысының орынбасары Талғат Колбачаев Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

  • 20 Мамыр 2013
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Мерейтойлық мерекелеу биыл әлемге әйгілі «Il Divo» квартеті ұсынған классикалық музыканың бірегей ноталарына толы болады, ол 7 шілдеде «Астана опера» жаңа опера және балет театрында өнер көрсетеді», — деді Т.Колбачаев.

Сонымен қатар, ол поп-опера өкілдерінің концерті қарсаңында «Астана опера» театралдық алаңының ашылуына орай классикалық музыканың тағы бір жұлдызды ұжымы — Лондон Корольдік филармониялық оркестрі өнер көрсететінін атап өтті.

Айта кету керек, «Il Divo» тобы — бұл классикалық опералық дайындығы бар, ең үздік коммерциялық табысты халықаралық поп-жоба ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген орындаушылардың халықаралық квартеті.

Ұжым өз шығармашылығында ағылшын, испан, итальян, латын және француз тілдерінде әндер жазып, классикалық және поп-музыканы үйлестіре білу арқылы аты шыққан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша аталған іс-шаралар кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.

Перейти к новостям спорта