«Астана қаласының мәслихаты Елорда күніне арналған мерекелік шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жағдай жасау мақсатында Астана қаласындағы демалыс күндерін сенбі 2 шілде мен жексенбі 3 шілдеден дүйсенбі 4 шілде мен сейсенбі 5 шілдеге ауыстырды», — делінген әкімдіктің сәрсенбі күні таратқан ақпаратында.
Қазақстанда Елорда күні 6 шілдеде атап өтіледі. Мерекенің халық үшін тарихи-мәдени мәні бар және ол Қазақстан Республикасы қол жеткізген жетістіктердің символы болып табылады. Қазақстан елордасын мерекелеудің басты шаралары Астанада өтеді.