Елорда күнін тойлау аясында бірден 40 жұп некеден өтеді
![]() |
Астанада 2 шілдеде елорда күнін тойлау аясында бірден 40 жұп некелеседі, деп «Байтерек» халықаралық медиа-орталықтан хабарлады. |
«2 шілдеде 11 сағатта «Атамекен» этномәдени орталығының алдындағы алаңда қала күніне орайластырылған салтанатты неке қию рәсімі өтеді. 40 жұп некеден өткендігі туралы куәлік пен елорда күні мерекесіне арналған рәміздер алады», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Некеден өткен соң жас жұбайлар «Думан» ойынсауық орталығының алдындағы алаңда вальс билейді, деді орталықтағылар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін