Елорда күнінде Лондон Корольдігінің филармониялық оркестрі өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда күнінде Лондон Корольдігінің филармониялық оркестрі өнер көрсетеді

Елорда күнінде Лондон Корольдігінің филармониялық оркестрі өнер көрсетеді

«Астана опера» жаңа Опера және балет театрының салтанатты ашылуына орай Лондон Корольдігі филармониялық оркестрінің концерті өтеді.

  • 20 Мамыр 2013
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елорданың 15 жылдығына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті штабы басшысының орынбасары Талғат Колбачаев Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

«Астана опера» театрының ашылуы бірегей іс-шарамен атап өтіледі. Астанада алғаш рет Лондон Корольдігінің филармониялық оркестрі концерт береді», — деді Т.Колбачаев.

Атақты оркестр Моцарттың, Чайковскийдің, Штраустың және басқа композиторлардың үздік туындыларын орындайтын болады.

Айта кету керек, аты аңызға айналған Лондон Корольдігі филармониялық оркестрін 1946 жылы сэр Томас Бичем құрған болатын. 1960-жылдары оркестр Елизавета II арнайы жарлығымен «Корольдік» мәртебесіне ие болды.

Бүгінгі таңда оркестр Ұлыбританияның жетекші классикалық ұжымы болып табылады.

Перейти к новостям спорта