Елорда күніне арналған мерекелік хабар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда күніне арналған мерекелік хабар

Елорда күніне арналған мерекелік хабар

Сарыарқа төсіндегі қазақтың бас қаласы - Астана бүгін 13 жасқа толды. Айтулы күнді барша жұрт кеңінен атап өтуде. Аспаны ән-күйге бөленген Астананың тұрғындары мен қонақтары бұл жолы да естен кетпес қызықтың куәсі болуда. Арқа төсіндегі дүбірлі той біздің тілшілеріміздің де назарында болды.

  • 7 Шiлде 2011
  • 734
Фото - Caravan.kz

Астана күні 1998 жылдан бері тойланып келеді. Биыл бір мүшелден аман-есен шыққан Елорда осы уақыт ішінде қазақ елінің басты қаласы екенін күллі әлемге мойындата білді. Ал қала күні қазір астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесіне айналды. Мерекені атап өтуге арналған шаралар үш күн бұрын басталса, бүгін шарықтау шегіне жетті.

Қала күнін атап өту шаралары бүгін Астананың бас даңғылындағы мерекелік шерумен басталды.

— Астана,жас қала,құттықтаймыз!

— Мереке жақсы өтіп жатыр. Президентімізге рахмет, еліміз тыныш болсын!

— Астана,туған күніңмен құттықтаймын! Барша тұрғындарды құттықтаймын!

Мерекенің көркін жалынды жастар жағы да қыздыра түсті. Мұнда экстремалды спорт түрлерінен байқау ұйымдастырылды. Бұған дейін «брэйк-данс», «рэп», «хип-хоп» бойынша жеке-дара өнер көрсетіп жүрген ел жастары алғаш мәрте бір жерде бас қосты. Осылайша қала күні жастар арасында көше мәдениетін дамытуға да өз үлесін қосуда.

Серік Бектасов, ұйымдастыру тобының мүшесі:

— Бұқарлық спортты дамыту, тек кәсіби спорт емес, әрбір спортпен айналысқысы келген адам қатыса алады. Жастарымыз бос уақыттарын бос өткізбесін. Жат қылықтар — темекі, арақтан сақтану акциясы ретінде де өтіп жатыр.

Жастар осылайша думандатып жатқан тұста қаланың келесі бетінде шабандоздар өнер көрсетті. Мұны «қазақи экстрим» десе де артық болмас. Ат құлағында ойнайтындар, түрлі трюктер жасап, ел қошеметіне бөленді.

Қазақтың тойы болған жерде айтыс өтетіні белгілі. Бұл қағида Астана мерекесінде де ұмыт қалмады. Соңғы үш күннен бері айтыс сүйер қауым суырыпсалма ақындардың өнерін тамашалады. Ақындар мерейі асқан Астананың жетістіктерін де, бір қайнауы жетіспей жатқан кемшіліктерін де назардан тыс қалдырмаған. «Әттеген-айлардың»ішінде ақындар айтыстың өзге шаралар секілді алып сарайларда ұйымдастырылмаған айтып өтті.

— Төл өнерді далаға қуып шыққан,

Құл-Мұхаммед ағамда ойлы адам ғой.

Бәрібір айтыстың көрермені

Ешбір залға сыймайды деп ойлаған ғой.

Қала күнін атап өту барысында ұлттық құндылықтарымызға толы шаралар мен қатар әлемдік мәдениеттен де сыр шертер сәттер аз болмады. Тойдың басын экшн-фильмдер фестивалі ашып, жұртшылық голливудтық жұлдыздармен қауышқан. Ал күні кеше әйгілі әнші Лара Фабиан мен сазгер Игорь Крутой ұсынған «Мадемуазель Живаго» атты шоу-концертті тамашалады.

Ал бүгін Елорда төрінде әйгілі опера жұлдызы Сара Брайтман жеке концертін берді.

Астананың 13 жылдығына арналған мерекелік бағдарламалар қазір де жалғасуда. Бірер сағаттан соң «Қазақ елі» монументі алдында «Астана — бақыт мекені» атты басты шара басталады. Мерекелік шаралардың соңы Астананың құрметіне — мерекелік отшашумен аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар