Жарияланды: 60

Елорда мен тағы сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

Елорда мен тағы сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды Сурет - Газета.Ру

 

26 шілдеде Нұр-Сұлтан мен сегіз облыста қатты жел мен найзағай салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең күн күркірейді және тұман түседі.

26-28 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 18-23 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі

Күндіз Қызылорда облысында 40-41 градусқа дейін ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз 26 шілдеде, сондай-ақ 27 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай мен дауыл күтіледі. 26 және 28 шілдеде Солтүстік-шығыс, солтүстік жел күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда 26 және 27 шілдеде түнде күн күркірейді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан жел 15-20 дейін күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін