Елорда құрылысы аяқталуға жақын - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда құрылысы аяқталуға жақын

Елорда құрылысы аяқталуға жақын

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні, Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қарсаңында, қаладағы жол құрылысы, су жүйесі мен мәдени ғимараттар құрылысымен танысты.

  • 3 Маусым 2011
  • 649
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев арнайы брифингте: «Біз елорда құрылысының ақырғы сатысына келіп жеттік. Бұл сатыда тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған ғимараттар салынады», — деп атап өтті.

Президент «қалада әкімшілік және тұрғын үй ғимарттарына қатысты мәселе толық шешімін тапты» деп атап өтті. Ол елордада медициналық мекемелер, білім беру және спорт ғимараттары салынғанын тілге тиек етті.
«Енді мәдениет, өнер ғимарттары салынады», — деп атап өтті президент.
Атап айтсақ, жаңа ғимараттардың ішінде Опера және балет театры, Мектеп оқушыларының шығармашылық сарайы, «Қазірет Сұлтан» мешіті де бар.
«Мешіттің қарсы алдына тарихи мұражай орналасады. Астанаға мұндай туристік нысан өте қажет. Жалпы, астанада еліміздің ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихынан сыр шертетін тарихи мұражай болғаны дұрыс», — деді Н.Назарбаев.
Содан соң мемлекет басшысы Астананы көгалдандыру мәселесіне тоқталды.
Н.Назарбаев Астана халқын «ұрпаққа арнап салғанымызды күте білуге, балаларды мәдениетке баулып, оларды қала көшелерін ластамауға үйретуге» шақырды.
«Мұның бәрін күтуіміз керек. Спорт нысандарын күтіп, ластамай, әрбір ағашты, әрбір бұтаны көздің қарашығындай қорғауымыз қажет. Әрбір тұрғын өзін қаласының қожайыны сезініп, оны сүйе білуі шарт.
Өйткені, бұл қала біздің балаларымыз бен немерелерімізге жүздеген жылдар бойы қызмет етеді. Олар осының бәрін өздері үшін тұрғызғанымызды ешқашан естен шығармайды», — деп атап өтті президент.
Н.Назарбаев жұма күнгі кеңесте «қалаға қатысты барлық мәселелерді тағы бір рет пысықтап, жаңа міндеттер белгілейміз» деп тұжырымдады.

Соңғы жаңалықтар