Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Тамыз" тұрғын үй кешеніндегі бір кіреберістің тұрғындары эвакуацияланды.
Оқиға орнында түсірілге видео мессенджерлерде таралды.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлауынша, 16 қаңтар күні сағат 22.03-те 102-арнаға тұрғын үй кешенінің бірінде бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері келген соң 60-қа жуық адам эвакуацияланды, жарылғыш зат табылған жоқ.
"Күдікті ұсталды. Куәландыру нәтижелері бойынша ол мас күйінде болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізілуде",-деді ПД баспасөз қызметі.