Елорда тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бас сүйегін сындырған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бас сүйегін сындырған

Елорда тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бас сүйегін сындырған

Елорда тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бас сүйегін сындырған. Ауыр жарақат алған нәресте қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 5 Шiлде 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ішімдікке мас болған. Туғанына небәрі екі ай болған сәбиін жерге лақтырып, аямай сабаған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы нашар. Ал қатыгез әке қамауға алынды.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жүргізілуде. ҚР 669-бабына сәйкес, сот бұрын белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін ер адам қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды", — делінген хабарламада.