Елордада 103 қызметіне түсетін қоңырау 4 есе артып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада 103 қызметіне түсетін қоңырау 4 есе артып кетті

Елордада 103 қызметіне түсетін қоңырау 4 есе артып кетті

Елордада 103 қызметіне қоңырау шалушылар 4 есе артып кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының директоры Мұрат Оразбаев айтты.

  • 24 Маусым 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінгі таңда 103 қызметінің жүктемесі артты. Маусым айынан бастап қоңыраулар саны 4 есе өсті. Күніне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан 4 мыңнан астам қоңырау түседі. Шақыртулар саны 2 есе өсті. Яғни, күніне шамамен шығу бригадасы 5 мыңға жуық қала тұрғынына медициналық көмек көрсетеді. Бұл үлкен жүктеме», — деді ол.

Оның атап өтуінше, 103 қызметіне жүктеменің артуын байланысты 103 пультінің саны арттырылып, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына 70-51-03 нөмірі бойынша call-орталық ұйымдастырылған. Қала тұрғындары осы нөмірге қоңырау шалу арқылы коронавирус инфекциясымен байланысты барлық сауалдарына жауап ала алады.

Сонымен қатар, станса директоры елорда тұрғындары тарапынан жедел медициналық жәрдем көлігінің шақыртуларға өте кеш келетіндігіне қатысты шағымдарына жауап берді.


«Кешігіп барған шақыртулардың да бар екендігін жасырмаймын. Пайыздық үлесі 5 пайызға дейінгі аралықты құрайды. Бұл рұқсат етілген шек. Әрбір елордалық жедел көмек өзіне тез арада келгенін қалайтындығын түсінемін. Осы ретте әрбір шақырту жедел медициналық көмек диспетчері деңгейінде 4 санатқа бөлінетіндігін және әр санаттың уақыт және келу регламенті бар екендігін атап өткім келеді», — деді Мұрат Оразбаев.

Соңғы жаңалықтар