Елордада 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын аяқтады

Елордада 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын аяқтады

Бүгін елордада ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын аяқтады.

  • 6 Шiлде 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

Осыған орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ағымдағы жылы форумға дүниежүзінің 25 елінен 900-ден астам делегаттың қатысуы әлемдік қоғамдастықтың тау-кен металлургия саласына деген қызығушылығын білдіретіндігін атап өткен ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау: «Бұл форум шындығында да сұхбат алаңына айналды. Бұны мен кеше ғана айтқан болатынмын, дегенмен бүгін бұған көз жеткізе түстім. Бұл ең алдымен барлығының да кадр мәселесіне қызығушылық танытқаны болды. Өйткені бұл салада мін көп және біз оған өз үлесімізді қосуға күш саламыз. Сонымен қатар Гонконг және Лондон биржалары өкілдерінің келуі олардың Қазақстанның тау-кен секторын инвестициялауда зор әлеуеттің бар екендігін байқағандығын білдіреді», — деді ол.

Сондай-ақ көңілден шықпай қалған да жайттардың болғандығын жасырмаған А.Раудың сөзіне қарағанда, алқалы жиын барысында инновация мәселесіне қатысты дөңгелек үстел белгіленген меже үдесінен шыға алмады.

Баспасөз мәслихатын қорытындылаған ол келесі жылы дәл осы уақытта өткізілетін 3-ші халықаралық тау-кен металлургиялық конгресс дәл осы форматта жалғасып, жаңа мәселелер күн тәртібіне шығарылатын болады.

Айта кетейік, форум жұмысына 25 елден 250 компанияның 900 делегаты қатысты. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Жапония, Италия, Беларусь, Австрия, Швейцария, Испания, Үндістан сынды елдердің өкілдері бар. Конгрестің қатысушылары арасында өзара тиімді 6 меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар