Жарияланды: 380

Елордада 3 жасар сәби кәріз құдығына құлап кетіп, тұншығып қаза тапты

Елордада 3 жасар сәби кәріз құдығына құлап кетіп, тұншығып қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, қайғылы оқиға кеше Сарыарқа ауданында орын алған. Кешкі сағат 20-45 минут шамасында ойнап жүрген 3 жастағы сәби ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен. Баланың денесін араға 2 сағаттай уақыт салып барып ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқарушылар отряды» ММ-нің 3 қызметкері мен 1 техникасы шығарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін