Елордада «Әлем» атты балеттің премьерасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «Әлем» атты балеттің премьерасы өтеді

Елордада «Әлем» атты балеттің премьерасы өтеді

27 маусымда, Астана күнін мерекелеу аясында Бейбітшілік және келісім сарайының  сахнасында  «Astana Ballet»  хореографиялық ұжымының ірі ауқымдағы  тұңғыш қойылымы - «Әлем» атты  бір актілі бірегей балеттің тұсаукесері өтеді.

  • 25 Маусым 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz


Қойылымның қоюшы-хореографы белгілі ресей балетмейстері Никита Дмитриевский.

 Қазіргі уқытта қойылымды дайындау жұмыстары қызу қарқынмен жүруде.

«Барлық балериналар өте тартымды және әртүрлі, өте қажырлы, толық қайтарыммен жұмыс істейді. Бұл үлкен  ұжымдық жұмыс болғандықтан біздер бір-біріміздің пікірімізге құлақ асамыз, бұл ерекше маңызды»,-дейді қоюшы-хореограф.

Никита Дмитриевскийдің соны хореографиясы  өзекті әлемдік үрдістер мен  қазақ би мәдениетінің дәстүрлі әуенінің нәзік, сезімтал синтезіне айналды. Мультимедия саласындағы Ресейдің жетекші мамандарының бірі Леонид Басин спектакльдің бейнелік тұжырымын да  Қазақстанның бай мәдениетінің ерекшеліктерін есепке ала отырып жасады. Әуенін этно-композитор Болат Ғафаров, либреттоны белгілі ақын, сценарийші Бақыт Қайырбеков жазды.

Перейти к новостям спорта