Елордада ашық аспан астында жаттығулар жасау басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада ашық аспан астында жаттығулар жасау басталады

Елордада ашық аспан астында жаттығулар жасау басталады

21 мамырдан бастап "Жерұйық" саябағында CrossFit элементтерімен бір сағаттық жаттығу өткізіледі

Жексенбі күні, 14 мамырда, әр апта сайын өтетін "Fitness Park Astana" спорттық-бұқаралық шарасы басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.Аталған шара "Outdoor Sport Area" форматында өтеді. Демек, жаппай жаттығулар ашық аспан астында жасалады. Астананың үздік спорт жаттықтырушылары тегін жаттығуларды 5 бағыт бойынша жүргізеді: Cross-Fit, Бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, Combat-battle және Йога. Бірінші жаттығу Астаналық саябақта өтеді. 21 мамырдан бастап "Жерұйық" саябағында CrossFit элементтерімен бір сағаттық жаттығу өткізіледі.

  • 13 Мамыр 2017
  • 355
Фото - Caravan.kz


Бұдан басқа, Zumba және дәстүрлі джиу-джитсу жаттығуларына қатысуға болады. "Студенттік" саябақта аталған бағыттардан басқа тай боксынан жаттығулар ұйымдастырылады. Ашық аспан астындағы жаттығулар жаз бойы "Астаналық", "Жерұйық" және "Студенттік" саябақтарда әр жексенбі сайын сағат 10:00-13:00 аралығында өтеді. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға және дене шынықтырумен айналысуға тартуға бағытталған "Fitness Park Astana" спорттық-бұқаралық шарасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.