Елордада «Астана интернет форумы - 2012» республикалық форумы өтеді
22-23 желтоқсан күндері елордада тұңғыш рет қазақ тілінде өтетін «Астана интернет форумы 2012» атты ақпараттық технология саласындағы республикалық форум өтеді. |
Форумның мақсаты қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технология саласын дамытып жүрген, қазақ тілінде контент жасаушылар, портал және сайт иелері, ақпараттық технологияға жаңа өнім ұсынушылардың басын қосып, өзара тәжірибе алмаса отырып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету. Қазақ тілді интернеттің қолдану аясын дамыту, жаңа жобаларға жәрдем беру.
Онда ақпараттық қауіпсіздік; бұлтты технологиялар; білім саласындағы интернет; ғаламтордағы аудармашы сайттар; қазақ тілді жобалар және интернет маркетинг мәселелері талқыланады. .
Оған Ақпараттық технология мамандары, ақпараттық технологияларға қызығушылық білдірген студенттер, мұғалімдер, оқушылар. ақпараттық технология саласына қатысы бар кез келген мүдделі адам қатыса алады.
Сонымен қатар форум аясында Интернетке қатысты жаңа жобалар байқауы да өтеді. Байқауға қатысқысы келетіндер тіркелу формасында тақырыбын жазып, форумда 15 минуттық таныстырылым жасауы тиіс. Қатысушылардың онлайн дауыс беру нәтижесінде үш жеңімпазға тегін сайт жасалады және тағы үш адамға бір жылдық тегін хостинг беріледі.
Форум Астанадағы Назарбаев зиткерлік мектебі базасында өтеді. Форумды «Мінбер» ҚҚ, «KazakhTimes» жаңа технологиялар орталығы, Астанадағы ГеоГебра институты ұйымдастырғалы отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін