Елордада Астана күні кеңінен атап өтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Астана күні кеңінен атап өтілуде

Елордада Астана күні кеңінен атап өтілуде

Астана күніне арналған мерекелік шаралар қаланың бүкіл аудандарында өткізілуде.

  • 4 Шiлде 2011
  • 1621
Фото - Caravan.kz


Қаланың үш нүктесінде «Шығыс базары» ашылған, деп хабарланған әкімшіліктің сайтында берілген хабарламада.
«Шығыс базарға» өндірушілер бағасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлкен ассортименті шығарылған.
Өткен жексенбіде «Хан-Шатыры» сауда-көңіл көтеруге арналған орталық қасындағы алаңда «Астана маңындағы мыңжылдық» көшпелі өркениет фестивалі басталды, фестиваль үш күн бойы қонақ күтпек. Ақ шаңқан киіз үйлерден құрастырылған этноқалашық фестивальге өзіндік реңк беріп тұрғандай.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, фестивальдің басты мақсаты, көне көшпенділердің тұрмысын барынша көрсету, ұлттық қазақ мәдениетіне құрмет сезімін туғызу болып табылады.
Хан шатыры сияқты жасалған сахнада үш кеш бойы күйшілер күй тартып, түрік музыкасы ойнайды.
Тәтті жегенді ұнататындар үшін Астанада қалалық алаңда кулинария фестивалі басталды, бұл алаң үш күн бойына ашық аспан астындағы біртұтас үлкен мейрамханаға айналмақ. Фестиваль қонақтары қаланың атақты мейрамханалары мен кафелерінің таңсық дәмдерін жейтін болады. Конкурсанттардың әзірлеген тағамдарын білікті қазылар алқасы мен халық сарапшылары бағалайтын болады.
Ал Есіл өзенінің жағалауында бұл күндері суретшілердің халықаралық пленэрі басталған. Қала азаматтары мен қонақтары үшін әр түрлі елдерден — Үндістан, Франция, Германия, Англия, Қытайдан келген суретшілер өнерлерін көрсетпек.
Астанада сондай-ақ көшелерде «Астана Самалы» деп аталатын үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтуде. Бес ұжым, оның ішінде Ресейден келген ұжым Астанада өтетін салтанатты шеруге қатысатын болады.
Дүйсенбіде сондай-ақ жаппай спорт жарыстары өтпек, «Астана кубогы» үшін велоспорт бойынша дәстүрлі турнир шеңберінде веложарыс болмақ.
6 шілде — Астана күні бүкіл қазақстандықтар үшін демалыс күні.
Астана тұрғындары 4-6 шілде аралығында демалады, олар үшін демалыс күндері 2-3 шілдеден дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылған.

Соңғы жаңалықтар