Елордада автобусқа арналған жолақтар толыққанды іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада автобусқа арналған жолақтар толыққанды іске қосылды

Елордада автобусқа арналған жолақтар толыққанды іске қосылды

Бүгіннен бастап елорданың қоғамдық  жолаушылар автобусына арналған арнайы жолақ толыққанды жұмыс істей бастайды.

  • 11 Тамыз 2015
  • 510
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Астана LRT» ЖШС-нің баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова мәлім етті.

«Бүгіннен бастап Б.Момышұлы даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесі бойындағы арнайы бөлінген жолақтар толыққанды жұмыс істей бастайды. Алғашқы ереше бұзғаны үшін айыппұл 5 АЕК-ті немесе 9910 теңгені құрайды. Жыл соңына дейін қала көшелерінде қосымша арнайы жолақтар енгізу жоспарлануда. Бірақ олардың саны мен орналасатын жері қазіргі уақытта нақтылану үстінде», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 26 шілде күні Астанада «Bus Lane» қоғамдық көліктер қозғалысына арналған арнайы жолақтарды іске қосу жобасы ілкі режімде жұмыс істей бастаған болатын. Ол Бауыржан Момышұлы даңғылының Абылайхан даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі аралығын және Бөгенбай батыр  даңғылының Уәлиханов көшесінен Сарыарқа көшесіне дейінгі аралығын қамтиды. 2,84 шақырымдық Б.Момышұлы даңғылы бойындағы арнайы жолақпен 2, 4, 14, 19, 33, 35, 41, 44, 51, 52 (экспресс) және 56-шы нөмірлі автобустар қатынайды. Ал ұзақтығы 2,15 шақырымдық  Бөгенбай батыр көшесіндегі жолақпен 2, 4, 6, 7, 8, 12, 16, 17, 22, 36, 45, 46, 80, 81, 106, 109  120-шы автобустар жүреді.

«Bus Lane» жобасы автобустар қозғалысы кестесін ретке келтіріп, жүргізушілердің тәртібін жақсартады, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 20 пайызға көтереді деп күтілуде. 


Соңғы жаңалықтар