Спорттық шараға Астана, Алматы, Атырау, Орал, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды сынды қалаларда орналасқан азаматтық авиация кәсіпорындарының 12 командасы қатысады.
Турнирдің ақтық ойыны және жабылуы 21 тамызда өтеді. Турнир жеңімпазы Астана халықаралық әуежайы президентінің көшпелі кубогын иеленеді. 1,2,3 орындардан көрінген футбол командасының мүшелері ақшалай сыйлыққа ие болады. Сонымен қатар жарыс жеңімпаздары «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» сынды аталымдар бойынша дипломмен марапатталады.