Елордада Б. Төлегенованың V Халықаралық вокалистер конкурсы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Б. Төлегенованың V Халықаралық вокалистер конкурсы өтеді

Елордада Б. Төлегенованың V Халықаралық вокалистер конкурсы өтеді

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнайы Астана қаласының әкімдігі Бибігүл Төлегенованың V Халықаралық вокалистер конкурсын өткізеді. Бұл конкурстың мақсаты жас буындарды адамгершілік пен эстетикалыққа тәрбиелеу.

  • 15 Қыркүйек 2011
  • 634
Фото - Caravan.kz

Халықаралық вокалистер конкурсы біздің жастардың зейінін, классикалық және халықтық музыканың таза бұлағының көзіне ұмтылуға көңіл аудару. Конкурс жас талантты орындаушыларды табуға көмектеседі, қазақтың классикалық өнерін жоғары мәртебеге көтеру және жастардың рухын арттыруға мүмкіндік туғызады. Қазақтың ең жақсы үлгілі шығармаларын орындау, мәдениетте өзара түсінісуге, қазақ халқының ең шынайы, әдемі ішкі дүниесін ашуға және Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын танытуға себепкер.

Іріктеу және финалдық турлары, Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет сарайы залында, ал жабылуы Қазақстан Республикасының Бейбітшілік және келісім сарайының залында өтеді. Астанаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, жақын және алыс шетелдерден (Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан Республикалары, Эстония, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Болгария) опера өнерінің 45 әншісі жиналады. Конкурстың ашылуы 19 қыркүйек 2011 жылы сағат 19.00-де Қазақстан Республикасының Бейбітшілік және келісім сарайының залында өтеді. Бибігүл Төлегенованың V Халықаралық вокалистер конкурсының өтетін күндері Астана тұрғындары үшін, үлкен, көркем де ашық думанға айналады.

Конкурста опералық бөлімінде, 1977 жылдың 1 қаңтарынан бұрында және 1991 жылдың 31 желтоқсанынан кеш емес туылған әншілер қатыса алады. Конкурстық сынақ реттеу және соңғы турлардан тұрады. Барлық тыңдау елдің көзінше өтеді. Ән айту ретін жеребе салумен анықтайды және де конкурстың соңына дейін сақталады. Соңғы турға 12-14 қатысушы жіберіледі.

Конкурсқа қатысушылардың әсерлі әндерін, мәртебелі, кәсіпқой қазылар алқасы бағалайды. Бибігүл Төлегенованың V Халықаралық вокалистер конкурсының қазылар алқасының төрайымы, Кеңес Одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, ССРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова.

Жас орындаушыларды Халықаралық қазылар алқасы бағалайды және әрбір қатысушы өз өнеріне шығармашылық талдау, сондай-ақ кәсіби сипаттама алады. Бұл өнер мерекесі жаңа жас орындаушылар аттарын танымал етеді, қайсы біреулері дүниежүзілік сахна төрін баурайды.

V Халықаралық вокалистер конкурсына үлкен қолдау жасайтын Астана қаласы әкімдігі.

Перейти к новостям спорта