Елордада бір адам 5 келіден артық азық-түлік ала алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада бір адам 5 келіден артық азық-түлік ала алмайды

Елордада бір адам 5 келіден артық азық-түлік ала алмайды

Елорда тұрғындары карантин кезінде бір адамға азық-түлік сату бойынша шектеу енгізілді.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев айтты.

  • 19 Наурыз 2020
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгіннен бастап елордада карантин енгізілді. Осыған байланысты барлық ірі сауда орындары жабылған. Оларда азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын нысандардан басқа дәріханалар, банктердің кассалары қалыпты жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген нысандар қалыпты режімде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; санитарлық және дезинфекция шараларын күшейтуге; кезекте тұрған сатып алушылардың арасында 1 метр қашықтықты қамтамасыз етуге тиіс. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен негізгі қажетті тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге, азық-түлік тауарларының оның ішінде көкөністер мен жемістерден басқа сусымалы тауарлар мен кептірілген жеміс-жидектерді қапталған күйінде сатуға міндетті, — Ерлан Бекмырзаев.


Оның айтуынша, азық-түлік сатып алу кезінде шектеулер енгізілген. Бір адам 5 келіден артық ала алмайды. 

Сусымалы тауарларды яғни қант, күріш, қарақұмық сатуды бір қолға 5 келіге дейін, күнбағыс майын — 5 литрге дейін шектеуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындары да жабылды. Атап айтқанда мейрамханалар, дәмханалар, асханалар.. Сондай-ақ олар онлайн тапсырыс беру мен жеткізуді бойынша жұмыс істей алады. Карантин кезеңіндегі елорданың барлық басқа шаруашылық нысандары жұмысы тоқтатылуы тиіс. Бұл мәжбүрлі шара. Өйткені адам денсаулығы басым болуда. Сондықтан түсіністікпен қарауыңызды сұраймын», — деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар