ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ардагерлер көшесі бойында Қосшығұлұлы көшесінен Ақан сері көшесіне дейін 10 маусымның сағат 13.00-ден 12 маусымда сағат 06.00-ге дейін көлік құралдарының қозғалысы толық шектеледі. Сонымен қатар, темір жол төсемін салу бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Малахов көшесі бойында 10 маусымда сағат 22.00-ден 11 маусымда сағат 06.00-ге дейін көлік құралдарының қозғалысы толық шектеледі. Полиция қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала баратын бағдарын жоспарлауды сұрайды.