Елордада еліміздің танымал спортшылары өскелең ұрпақпен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада еліміздің танымал спортшылары өскелең ұрпақпен кездеседі

Елордада еліміздің танымал спортшылары өскелең ұрпақпен кездеседі

Бүгін елордадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» Этно-мемориалды кешенде «Спортқа бірге!» атты ұранмен еліміздің танымал спортшыларының өскелең ұрпақпен кездесуі өтеді.

  • 7 Қазан 2011
  • 559
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстан спорт одағы» ұйымдастырып отырған шара Елбасымыздың «Болашақ іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап, спортқа қоғамды тарту мақсатында өткізіледі.

Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақты спортпен шұғылдануға баулу, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау, атақты спортшыларды кездестіріп, олардың бойында спортқа деген құлшынысты ояту.

Кездесуге қазақ күресінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы Ерлан Естек, қазақ күресінен спорт шебері, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Дархан Ибраев, қазақ күресінен спорт шебері, үш дүркін Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Дархан Бижанов сынды танымал азаматтар қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера