Елордада газ тапаншасымен 18 жастағы жігітті атқан адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада газ тапаншасымен 18 жастағы жігітті атқан адам ұсталды

Елордада газ тапаншасымен 18 жастағы жігітті атқан адам ұсталды

Елордада газ тапаншасымен 18 жастағы жігітті атқан адам ұсталды, деп хабарлады Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 26 Шiлде 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың 19 шілдесінде, сағат 05.00-де Астана қ. ІІД-нің жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған 1993 жылы туған «К» есімді азаматтың «оқ жарақатынан көз алмасының мылжаланып, ішкі қабығына түсуі» диагнозымен 2 қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші Республика даңғылы мен Иманов көшесінің қиылысында орналасқан «Маэстро» дәмханасының жанында белгісіз тұлға атқан оқтан жарақат алған.

Астана қ. Сарыарқа ауданы ІІБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1985 жылы туған «А» есімді азаматты ұстап, айғақ заттарды тәркілеген. Жауап алу барысында айыпталушы кінәсін мойындады. Ол газды қарумен оқ жарақатын келтірудің себебі ретінде осы мекемеде белгісіз жігіттермен болған төбелесті атаған.

«Күдікті ұсталып, Астана қ. ІІД-нің Уақытша ұстау орнына қамалды. Осы іс бойынша ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар