Елордада экстремистік топ мүшелері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада экстремистік топ мүшелері ұсталды

Елордада экстремистік топ мүшелері ұсталды

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 24 Қаңтар 2025
  • 5
Фото: ҚР ҰҚК

Астана мен Қосшы қаласында 4 экстремистік топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды. Сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдіктілуде. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізілуде», — делінген баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық-процестің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.