Бұл туралы «CTS» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған барлық балалар елордада қоғамдық көлікте тегін жүреді. Біз осындай шешім қабылдадық», — деді компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.
Еске сала кетсек бұған дейін елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгергенін хабарлаған еді.
«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы — City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ », — деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында Бекмырза Игенбердинов.