Елордада «KAZGRAIN-2012» астық форумы өз жұмысын бастады
![]() |
Бүгін елордада 6-шы қазақстандық «KAZGRAIN-2012» астық форумы өз жұмысын бастады. |
Алқалы жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев кейінгі жылдары қазақстандық астық қорын тұрақты өткізу оң жолға қойылғандығын айта келе: «Мұнда астық өндірісі саласының өте маңызды мәселелері талқыланады және оны әрі қарай дамытуға септігін тигізетін ұсыныстар қабылданады. Бүгінгі болатын кезекті астық форумында да бұған қатысушы елдердің арасындағы ынтымақтастықты нығайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу, Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мүмкіндіктер туындайтынына сенімдіміз»,-деді.
Маңызды басқосуға 250-ге жуық адам қатысуда. Олардың қатарында дәнді дақылдарды өсіруге әрі экспорттауға мамандандырылған отандық және шетелдік кәсіпорындардың, салалық, мемлекеттік ведомстволардың, даму институттары мен сақтандыру компанияларының өкілдері астық саласындағы жергілікті және шетелдік сарапшылар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бар.
Айта кетерлігі, форум әлемдік нарықта отандық астыққа деген сұранысты арттыру, экспорттаушылар мен импорттаушылардың арасында ынтымақтастық байланысты орнату мақсатында ұйымдастырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін