Елордада Кедендік бақылау департаментінің 18 өкілетті тұлғасы жауапкершілікке тартылды
Соңғы алты айда Астана қаласы және Ақмола облысының Кедендік бақылау департаментінің қызметтік тергеуі барысында департаменттің 18 өкілетті тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, |
деп хабарлайды аталмыш меморганның баспасөз қызметі.
Соның ішінде, баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 18 қызметкердің 1-еуі жемқорлық құқықбұзушылық бойынша жазаға тартылған.
«Астана қаласы бойынша КБД Ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметкерлер арасында жемқорлықпен күресте тұрақты түрде жұмыс жасап келеді», - делінген хабарламада.
Осы мақсатта департамент басшылығы қазақстандық әрі шетел азаматтарының өтініш-арыздарын назардан тыс қалдырған емес. Мәселен, 2011 жылдың 6 айында аталмыш бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 7 арыз келіп түскен. Оның барлығы тексеріліп, тиісті фактілер анықталуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін