Елордада Кедендік бақылау департаментінің 18 өкілетті тұлғасы жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Кедендік бақылау департаментінің 18 өкілетті тұлғасы жауапкершілікке тартылды

Елордада Кедендік бақылау департаментінің 18 өкілетті тұлғасы жауапкершілікке тартылды

Соңғы алты айда Астана қаласы және Ақмола облысының Кедендік бақылау департаментінің қызметтік тергеуі барысында департаменттің 18 өкілетті тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды,

  • 14 Шiлде 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды аталмыш меморганның баспасөз қызметі.

Соның ішінде, баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 18 қызметкердің 1-еуі жемқорлық құқықбұзушылық бойынша жазаға тартылған.

«Астана қаласы бойынша КБД Ішкі қауіпсіздік бөлімі қызметкерлер арасында жемқорлықпен күресте тұрақты түрде жұмыс жасап келеді», — делінген хабарламада.

Осы мақсатта департамент басшылығы қазақстандық әрі шетел азаматтарының өтініш-арыздарын назардан тыс қалдырған емес. Мәселен, 2011 жылдың 6 айында аталмыш бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 7 арыз келіп түскен. Оның барлығы тексеріліп, тиісті фактілер анықталуда.

Соңғы жаңалықтар