Елордада Халықаралық арт-форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Халықаралық арт-форум өтеді

Елордада Халықаралық арт-форум өтеді

VII Халықаралық «Құланшы» арт-форумы 15 қарашада елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында ашылады, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

  • 13 Қараша 2012
  • 266
Фото - Caravan.kz

Көрменің ұйымдастырушылары — «Құланшы» заманауи өнер орталығы. Жыл сайын аталған арт-форумға әлемнің түрлі елдерінен суретшілер, мүсіншілер мен дизайнерлер қатысады.

Биылғы жылы көрмеге түрлі: кескіндеме суреттер, компьютерлік графика мен мүсін өнері техникасында орындалған Қазақстан, Италия мен Әзірбайжан қылқалам шеберлерінің жұмыстары қойылатын болады.

Ерекше қызығушылық туғызатын итальяндық суретші Рон ди Сценздің «Қараңғыда билеу» картиналар сериясы болмақ. «Полотноның шебер орындалғандығы соншалық, бірінші қарағанда ол көрерменге фотография сияқты көрінуі мүмкін», — дейді көрмені ұйымдастырушылар.

Әзірбайжандық суретші Маммад Рашидовтың әйнектен жасалған мүсіндік инсталляциясы да тартымды көрінеді.

Арт-форумда отандық шеберлер көрермендер назарын өздерінің кескіндеме техникасы мен компьютерлік графикада орындалған бірегей жұмыстарымен тарта алады.

Соңғы жаңалықтар