Елордада көлік ұрлаумен айналысқан ұры қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада көлік ұрлаумен айналысқан ұры қолға түсті

Елордада көлік ұрлаумен айналысқан ұры қолға түсті

Елордада көлік ұрлаумен айналысқан 31 жастағы ұры қолға түсті.

  • 19 Шiлде 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Жұманов мәлім етті.

Оның айтуынша, 22 маусым күні Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына маусымның 21-інен 22-сіне қараған түні аулада тұрған «Фольксваген Пассат» маркалы көлігінің ұрланғандығы туралы 46 жастағы азамат өтініш берген. «Айдап әкету» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 17 шілде күні бұған дейін бірнеше мәрте сотталған 31 жастағы елорда тұрғыны аталған қылмысқа күдікті ретінде ұсталды. Ол осы қылмысты және бірнеше көлікті ұрлағандығын мойындап отыр», — деді ол.

Т.Жұмановтың атап өтуінше, осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша оқшаулар орнына қамалған.

Соңғы жаңалықтар