Елордада компьютерлік графика мен дизайн байқауы басталды
Бүгін Астанада Политехникалық колледжде компьютерлік графика мен дизайн байқауы басталды. |
Қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендинаның айтуынша, мұндай байқауларды өткізу инновациялық технологиялардың дамуына жол ашып, студенттерге өз идеяларын жүзеге асыруға және біліктіліктерін көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, І республикалық «Кристальды пиксель» компьютерлік графика мен дизайн байқауы Астана қаласындағы Политехникалық колледж пен Adobe Systems Inc компаниясының бастамасымен ұйымдастырылуда. Қолдау білдірушілер - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының Білім басқармасы. Онда еліміздің барлық аймақтарының мектеп, колледждерінен 120-дан астам студент қатысады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін