Елордада күніне 300 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылады - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада күніне 300 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылады

Елордада күніне 300 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылады

Нұр-Сұлтанда маусым айында ауруханаға пневмониямен 1700 адам түскен.

  • 7 Шiлде 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

"Нұр-сұлтан бойынша электрондық денсаулық сақтау филиалының ресми ақпараты бойынша, маусымда пневмониямен ауыратын науқастар 2,2 есе көп тіркелген. Күн сайын 200-ге жуық, соңғы күндері 300 пациент пневмониямен ауруханаға жатқызылып жатыр", — деді Қисықова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың бір бөлігі үйде ем алып жатыр. Сондай-ақ, күн сайын қалада 50-60 жағдай тіркелетіні айтылады