Жарияланды: 540

Елордада Маралтай ақынның шығармашылық кеші өтті

Өнерге, өлеңге деген құрметі бөлек ақын! Астанада белгілі ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылық кешіөтті.

Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жұрттың қарасы көп. Тыңдармандары ақынның өлең шумақтарына сусап қалса керек, Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрында ине шаншар орын болмады. Поэзия кешіне әсіресе жастар жағы көп келген. Жиналған жұртқа Маралтай ақын соңғы жылдары жарық көрген тың туындыларын оқып берді. Өлеңге өзгеше мақам әкелген Маралтай соңғы жас буынның арасында шоқтығы биік ақындардың бірі. Жамбыл облысында дүниеге келген өнер иесі мемлекеттік сыйлықтардың иегері, бірнеше кітаптың авторы. Ал Сарыарқа төрінде ұйымдастырған шығармашылық кешін ақын «Ассалаумағалейкүм, Астана!» деп атапты. Оның да өзіндік бір сыры бар екен.

Маралтай Райымбекұлы ақын:

- Астанаға бойында қаны бар кез-келген азамат тәу етуге міндет, парыз деп айтуға болады. Маған енді Алла осы күнді нәсіп етіпті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін