Елордада мас күйінде көлік тізгіндеген 60 жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада мас күйінде көлік тізгіндеген 60 жүргізуші ұсталды

Елордада мас күйінде көлік тізгіндеген 60 жүргізуші ұсталды

Мереке күндері қарсаңында елордалық полицейлер қоғамдық полиция көмекшілерімен бірлесіп "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасын өткізіп жатыр, ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшедегі және қоғамдық орындардағы қажетті тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күресті күшейту және астана аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықты ескерту мақсатында өтіп жатыр.

ЖПШ басталғалы 100-ден аса қыл?

  • 31 Желтоқсан 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz


Іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшедегі және қоғамдық орындардағы қажетті тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күресті күшейту және астана аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықты ескерту мақсатында өтіп жатыр.

ЖПШ басталғалы 100-ден аса қылмыс әшкере болып, іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды. 2800 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып (олардың 1300-ден көбі тіркеусіз немесе құжатсыз тұрып жатқандар), ҚР-да жүріп-тұру ережесін бұзған шетелдіктердің 330 фактісі тіркелді. 150-ден астам бұзақылық пен мас күйінде көлік айдаған 60 жүргізуші ұсталды, — делінген хабарламада.