«2012 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша полицияның 316 қоғамдық көмекшісі әрқайсысы 15 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды.
Олардың 62-сі шұғыл-жастар отрядының студенті, 87-сі мемлекеттік емес құрылымдардың күзетшілері, 20-сы полиция бөлімшесі жанындағы ІІБ ардагерлері және 147-сі консьерждер», — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметі бойынша, жыл басынан бері полицияның қоғамдық көмекшілерінің көмегімен 153 қылмыс ашылып, 8 291 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.