Елордада «Қабыл ал балаңның, сәлемін жолдаған....» атты мерекелік іс-шара өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «Қабыл ал балаңның, сәлемін жолдаған....» атты мерекелік іс-шара өтеді

Елордада «Қабыл ал балаңның, сәлемін жолдаған....» атты мерекелік іс-шара өтеді

4 наурызда ҚР Президенттік мәдениет орталығы мұражайында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қабыл ал балаңның, сәлемін жолдаған....» атты іс-шара өтеді.

  • 3 Наурыз 2011
  • 754
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты аталған орталықтық баспасөз қызметі таратып отыр.

Іс-шара Астана қаласы мектептерінің дарынды оқушыларының қатысуымен өтеді. Шараға VII қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанатында Ұлықбек Есдәулеттің «Көк байрақ» әнін орындаған ағайынды Мизамдар қатысады. «Шаттық-2011» фестивалінің дипломанты Оразымбетова Арайлым — Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» әнін, «Шаттық-2010» фестивалінің, қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауының жеңімпазы, «Шаттық-2009» фестивалінің алтын медаль иегері, халықаралық «Ақ көгершін» байқауының дипломанты Қасымбек Нұрдәулет — Есбайдың «Терісқақпай» күйін, «Шаттық-2011» фестивалінің дипломанты Ермекбаева Мадина «Астана» әнін орындайды. Сондай-ақ оқушылар қазақтың ұлттық биін билеп, әнін шырқап, ана тақырыбында өлеңдер оқиды.

Перейти к новостям спорта